Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесі басқа әйелмен сөйлесіп жүрген қыз жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Әкесі басқа әйелмен сөйлесіп жүрген қыз жан сырын ақтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әке-шешесі жайлы сөз қозғаған қыздың оқиғасы ushbu_hat парақшасында жарияланды.

"Олар жиырма жылдан астам уақыт бірге. Соңғы жылдары әкем басқа әйелмен сөйлесіп жүр. Анам оны біліп қойғанда кешірім сұраған еді. Одан бері неше жыл өтті. Кеше анам ана әйелмен WhatsApp- та әлі сөйлесіп жүргенін көрді. Не істесе болады, қайда барса болады. Бұл әйел хабарласып, "қой" дегенімізді ұқпайды",- деді ол.

Айта кетейік, жолдасым екеуміз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз деген келіншектің оқиғасы Instagram желісіндегі ushbu_hat парақшасында жарияланған еді.

"Менің проблемам қайынағам. Ол үйленбеген. Мен бұл үйге келгенде маған өте жақсы қарайтын, енем тиісіп сөйлесе, мені қорғап қалатын. "Ол сөйлей береді, мән берме" деп күліп айтып отыратын. Аға ретінде қатты сыйлайтынмын. Енді қазір сезімін білдіріп жүр.
"Мені неге ұнатпайсың? Күйеуің сияқты кәсіпкер емес, жай вахтадағы жұмысшы болғандықтан ба?" дейді. Қасында болмауға тырысамын, бірақ тамақ істесем де, ыдыс жусам да қасыма келіп отырып, сөйлей береді",- деп жазды ол.

Келіншектің сөзінше, қайынағасы інісі үйге келгенде жақындамайды, себебі одан қорқады."Енем "менің бір баламның басын айналдырғаның жетпей ме, екіншісінде шаруаң болмасын" дейді. Мен қайынағама ешқандай үміт бермегенмін. Жолдасыма айтайын ба, әлде керек емес пе?",- деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873675-kesi-baska-jelmen-sjlesip-zrgen-kyz-zan-syryn-aktardy/