Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмағұлов тәжірибелі америкалық UFC шеберін жекпе-жекке шақырды

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов ufc
Фото: ufc.com

Биыл алғаш рет UFC ұйымында сынға түскен қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов тәжірибелі америкалық файтерді жекпе-жекке шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық әлеуметтік желі арқылы Джон Додсонға үндеу жасады.

"Джон, сенің аса жеңіл салмаққа қайта ауысқың келетінін естідім. Өз дивизионымда сенімен жекпе-жек өткізуге қуанышты болар едім. Қайда және қашан болса да, оған кез келген сәтте дайынмын", – деп жазды Жалғас Twitter парақшасында.

Sports.kz порталы мәлім еткендей, Джон Додсон бұған дейін UFC-де 17 жекпе-жек өткізіп, 10 рет жеңіске жеткен.

Сондай-ақ ол аталған ұйымның чемпиондық белбеуіне екі рет таласқан.

Америкалық файтер өзінің соңғы жекпе-жегін UFC 252 шеңберінде биылғы 15 тамызда өткізген.

Еске сала кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде төрешілердің шешімімен бразилиялық Раулиан Пайваға жеңіліп қалған болатын.

Аталған шешімнің үлкен дау тудырғанын айта кету керек.

UFC президенті Дана Уайт қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың қатысуымен өткен турнирдегі төрешілер алқасының жұмысын сынға алып, өз наразылығын білдірген еді.

Кейіннен қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC 251 турнирінде бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңілуіне не себеп болғанын айтып берген болатын. Оның пікірінше, аталған кездесуде көздеген нәтижесіне қол жеткізе алмауына бапкерінің де кінәсі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873722-zmaglov-tziribeli-amerikalyk-ufc-seberin-zekpe-zekke-sakyrdy/

pixel