Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы вакцинаны кімдерге салуға болмайды

Опубликовано:

Ресей вакцинасы
Көрнекі фото: Anadolu Agency via Getty Images

Танымал ресейлік иммунолог Владислав Жемчугов қандай аурулар кезінде адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаны салуға болмайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дәрігер Владислав Жемчуговтың "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында иммунитетті тежейтін препараттарды қабылдайтын адамдарға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салу қауіпті екенін айтты. Маманның сөзінше, екпе салмас бұрын емдеуші дәрігермен кеңескен абзал.

"Мысалы, онкология аурулары бар. Емдеу кезінде иммунитетті тежейтін препараттар беріледі. Сонда бір жағынан вирустан қорғану керек, ал екінші жағынан, керісінше, иммунитетті күшейтпеу керек. Өйткені онкологияны емдеу шаралары жүргізіледі. Сол себепті вакцинация мәселесін өзіңіздің емдеуші дәрігеріңіз шешуі керек", - деді Жемчугов.

Иммунологтың айтуынша, қабыну мен аутоиммундық аурулары бар, сондай-ақ, қызыл жегі мен қан ауруларына шалдыққан адамдарға вакцина салуға болмайды.

Еске сала кетейік, кеше Мәскеуде коронавирусқа қарсы препараттың тіркеуден кейінгі зерттеулері аясында вакцинациялау басталғаны белгілі болды. Бұл туралы қала мэрінің әлеуметтік даму мәселелері бойынша орынбасары Анастасия Ракова мәлім еткен еді.

Сондай-ақ Қытайдың азық-түлік және дәрі-дәрмектерді қадағалау жөніндегі мемлекеттік басқармасының жаңа коронавирусқа қарсы мұрынға арналған спрей түріндегі вакцинаның клиникалық сынақтарын мақұлдағаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873819-koronaviruska-karsy-vakcinany-kimderge-saluga-bolmajdy/

pixel