Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда осы жексенбі автобустар жүре ме

Опубликовано:

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Осы жексенбіде елордада автобустардың қозғалысы тоқтатылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "City Transportation Systems"-ның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Cts_kz-тің мәліметінше, жексенбі 13 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктер жүрмейді. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Сенбі, 12 қыркүйек күні қоғамдық көліктер әдеттегідей 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

14 қыркүйек, дүйсенбіде қалалық және қала маңына қатынайтын маршруттар қайтадан жолға шығады.

CTS сонымен қатар автобусқа бетпердесіз кіруге қатаң тыйым салынатынын, жол ақысы тек электронды түрде төленетінін еске салды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмеуі алғаш рет емес. Мәселен 30 тамызда елордада автобустар қатынамады. Ол кезде де автопарктерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетін болатын.

Сонымен қатар бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин демалыс күндері мегаполисте қоғамдық көліктердің жүрмейтінін хабарлаған еді.

Сондай-ақ ол сенбі, жексенбіде базарлар мен сұлулық салондары, моншалар мен сауналар жұмыс істемейтінін де жеткізген болатын.

Бекшиннің сөзінше, қатаң шараларды сақтау арқылы ғана қаладағы жағдайды тұрақтандыра аламыз. Олай болмаған жағдайда коронавирустың таралуының тағы бір қаупі туындауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873824-nr-sltanda-osy-zeksenbi-avtobustar-zre-me/

pixel