Қандай жағдайда елімізде қатаңдатылған карантин қайта енгізілуі мүмкін

Опубликовано:

блок бекет 1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілінен ОКҚ өткен онлайн брифинг кезінде елімізде коронавирусқа байланысты қандай жағдайда қатаңдатылған карантиннің қайта енгізілетінін сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері коронавирус пандемиясына байланысты билік қандай жағдайда қатаң шектеу шараларын енгізетінін сұрады.

Журналистерге жауап берген Бағдат Қожахметов егер қажет болған жағдайда Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа арналған 70 мың төсек-орын дайындай алатынын айтты.

Ал қайтадан қатаңдатылған карантин режимін енгізу бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар санына байланысты болмақ.

Қожахметовтың айтуынша, қазіргі уақытта инфекциялық станционарларда 4,6 мың науқас ем алуда. Егер олардың саны тәулігіне 30 мың адамға жететін болса, онда ел бойынша қатаңдатылған карантин қайта енгізіледі.

"Бұл ең басты көрсеткіш. Бірақ денсаулық сақтау жүйесі коронавирус инфекциясымен ауырған 70 мың адамды қабылдауға дайын", - дейді министрліктің ресми өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Бағдат Қожахметов өткен тәулікте Шымкентте коронавируспен ауырған бірде-бір адамның тіркелмегенін мәлім еткен болатын.

Сондай-ақ оның сөзінше, еліміздің батысында да жағдай жақсарып келеді.

Жалпы елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 77 адам тіркелген.

Бүгінде жалпы республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 106 661 адамға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873879-kandaj-zagdajda-elimizde-katadatylgan-karantin-kajta-engizilui-mmkin/