RU

Цой Қазақстанда алғашқылардың бірі болып тұмауға қарсы вакцина салдырды

Цой1
Фото: Денсаулық сақтау министрлігің ресми сайты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып тұмауға қарсы вакцина салдырды. Министрге ресейлік "Гриппол+" вакцинасы егілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында хабарланғандай, Цой елордалық емханалардың біріне арнайы барып, екпе салдырған.

Министрдің айтуынша, өткен жылы күз бен қыс мезгілінде 430 мыңнан астам қазақстандық тұмаумен ауырған, олардың жартысынан көбі балалар көрінеді.

"Биыл халықты вакцинациялау аса қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін, сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады. Сондықтан бұл жолы елімізде вакцинацияны жылдағыдан екі апта бұрын бастаймыз",– деп мәлімдеді Алексей Цой.
Цой1
Фото: Денсаулық сақтау министрлігің ресми сайты

Оған қоса, Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан өткен, сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін өзі алғашқылардың бірі болып екпе салдырғанын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі елімізде тұмауға қарсы вакцинация науқанының 15 қыркүйекте басталатынын айтқан болатын.

Маманның айтуынша, мұндай шара алдағы өткір респираторлық аурулар маусымына дайындалуға көмектеседі және денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалықты жанама түрде азайтады.

Айта кету керек, тұмауға қарсы екпені кімдер тегін алатыны туралы жазған едік.

Екпені алудың маңызы зор екені атап өтілді. Өйткені, күздегі тұмау коронавируспен қосарланып науқастың халын нашарлатып жібереді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874068-coj-kazakstanda-algaskylardy-biri-bolyp-tmauga-karsy-vakcina-saldyrdy/