Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей сауналарында маска киген жезөкшелер интимдік қызмет көрсеткен

Опубликовано:

Семей1
Фото: Видеодағы кадр

Полиция Семейдегі сауналарды тексерді. Тәртіп сақшылары онда тәнін саудалаған түнгі көбелектердің үстінен түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сауналардың біріне барғанда, ондағы қызметкерлер полицейлерді бөлмеге кіргізбей, кедергі келтіріп, онда буланып жатқан адамдар барын айтып, оларға бөгет жасамауын сұраған.

Одан бөлек, ақшаға жыныстық қызмет көрсететін қыздар барлық ережелерді сақтаған көрінеді. Олардың көбінің бетпердесі тағулы болған.

Нәтижесінде полиция 16 жезөкшені полиция бөліміне жеткізді. Онда оларға қоғамдық орындардағы адамдарға тиіскені үшін айыппұлдардың мөлшері туралы айтылды. Айыппұл шамамен 14 мың теңгені құрайды.

Түнгі көбелектердің саусақ іздері алынып, есепке қойылды. Олардың барлығы – Семей қаласының ересек тұрғындары.

Бірақ сауна әкімшілерінің жауапкершілігі әлдеқайда ауыр болуы мүмкін. Қылмыстық заң бойынша жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Қазір үш қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске салсақ, Ақтөбе облысында полицейлер 15 жезөкшені қолға түсірді.

Оған қоса, Шымкентте карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында үнемі өткізілетін рейдтердің бірінде полиция қызметкерлері заңбұзушылық жағдайларының үстінен түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874329-semej-saunalarynda-maska-kigen-zezkseler-intimdik-kyzmet-krsetken/

pixel