Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі режиссер Асхат Маемиров жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Асхат Маемиров
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Отандық танымал режиссер Асхат Маемиров жаңа басшылық қызметке тағайындалды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері елордалық театрды басқарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асхат Маемиров Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік музыкалық балалар мен жасөспірімдер театрына директор болып тағайындалды. Бұл туралы аталмыш театрдың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айта кетейік, Асхат Маемиров 1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданында дүниеге келген. дүниеге келген. Бүгінде ол - елге аса танымал театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану PhD докторы, профессор, «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі.

1991 - 1995 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін (бұрынғы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институты)ның филология факультетін бітірген.

1995 - 1996 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «драма режиссері» мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылы ҚР президентінің "Болашақ" халықаралық стипендияының иегері. Сол жылы Université Sorbonne Nouvelle Paris университетінде білімін жетілдірген. (Франция, Париж).

2008 жылы Париж Ұлттық өнер консерваториясының "драмалық өнер" мамандығы бойынша тағлымдамадан өткен.

2010 жылы Ресейдің атақты ГИТИС өнер академиясында театр өнері бойынша магистр ғылыми атағын алды.

Маемировтың еңбек жолы 1997 жылы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында басталды. Ол қоюшы-режиссер болып жұмыс істеді.

Сонымен қатар, ол «Қазақстанның рухани даму қоры» АҚ вице-президенті, мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы «Қазақ әуендері» АҚ президенті болып қызмет етті.

Оған қоса, Асхат Маемиров елімізде тұңғыш рет ашылған «Astana Musical» мемлекеттік театрына көркемдік жетекшілік жасады. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының бас директоры, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры қызметтерін атқарды.

Маемиров 2018-2019 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болды. Осы уақытқа дейін Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры болып еңбек етті.

Асхат Маемиров мемлекеттік және халықаралық ауқымдағы сексеннен астам мәдени іс-шаралардың режиссері болды. Қазақстанның театр сахналарында жиырмадан астам қойылымдарды сахналап, республикалық және халықаралық өнер фестивалдерінің бірнеше мәрте лауреаты атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874383-belgili-rezisser-ashat-maemirov-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel