Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәжікстанда атасы 2 жасар немересін жүк көлігімен басып кетті

Опубликовано:

Жүк көлік1
Көрнекі фото: piqsels.com

Рудаки ауданында екі жасар бала атасы басқарып келе жатқан жүк көлігінің астына түсіп, көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы CentralAsia.media-ға сілтеме жасап.

"Жүк көлігінің жүргізушісі, 60 жастағы жергілікті тұрғын, үйінің ауласында кері жылдамдықты қосып, екі жасар немересінің машинаның артында ойнап отырғанын байқамаған", – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, осы жылдың алты айында елдің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары салдарынан 151 адам қайтыс болып, 516 адам жарақат алды.

Еске салсақ, Алматыда Lexus көлігі 2005 жылғы жеткіншекті қағып өлтірген болатын. Жасөспірім рұқсат етілмеген жерден жолды жүгіріп, кесіп өтпек болған. Қайғылы жағдай Шидт көшесінің қиылысына жақын Бекмаханов көшесінің бойында болыпты.

Оған қоса, Нұр-Сұлтан қаласында жеткіншекті автобус қағып кеткен. Бұл жайтты қоғамдық көлік жолаушылары видеоға түсіріп алған. Жеткіншек соққыдан құлаған сәтте баспен ұрылған. Шамамен 16 жастағы жеткіншек рұқсат етілмеген жерден көшеге жүгіріп шыққан.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші 4 баланы қағып кетті. Оның бірі ауруханаға жетпей көз жұмған болатын. 5 қыркүйек күні, сағат 18:50 шамасында Бородулихо ауданы Жаңа Шүлбі ауылында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874400-tzikstanda-atasy-2-zasar-nemeresin-zk-kligimen-basyp-ketti/

pixel