Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блок-бекеттегі жол-көлік оқиғасы: марқұмның әйелі 36 млн теңге өтемақы талап етті

Опубликовано:

блок бекет сот отырысы 2
Фото: zakon.kz

Алматы блок-бекетіндегі жол-көлік оқиғасынан көз жұмған полиция қызметкерлері Дастан Әбдіқанов пен Жарас Жанғазиевтің туыстары сотталушы Азат Азаматовқа кешірім беруден бас тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Азаматовтың ісіне қатысты сот отырысында марқұмдардың туыстары көз жастарын тыя алмады. Жарас Жанғазиевтің жесір қалған жұбайы Аида Жетпіспаева күйеуінің қазасы туралы көршілерден білгенін айтты.

Азаматовқа кешірім беру туралы сұраққа ол үш баласының (14 жас, 10 жас және 1 айлық) жетім қалғанын айтып, сотталушыны кешіре алмайтынын алға тартты.

Сондай-ақ Жетпіспаева мемлекеттен уәде етілген пәтерді әлі алмағанын атап өтті.

Сонымен қатар, сот отырысында марқұм Дастан Әбдіқановтың әйелі Динара Аман қорғаушы мен судьяның сұрақтарына жауап берді.

Сол күні ол күйеуімен бірге қонаққа баруды жоспарлағанын жеткізді. Жарының ауруханаға түскенін оның әріптесі Аяннан білген.

Содан соң жесір әйел асыраушысынан айырылғаны туралы талап арыз бергенін мәлімдеп, моральдік зиянды өтеуді талап етті. Оның арызын қорғаушы оқып берді.

"Азаматовтан келтірілген моральдік зиян үшін 1 млн теңге өндіріп беруді сұраймын. Оның кінәсі қылмыстық істің материалдарымен, тергеумен дәлелденген. Осылайша, біз Азаматовтан асыраушының қаза болуына байланысты Әбдіқановтың ұлының пайдасына өтемақы өнідіріп беруді талап етеміз. Азаматов менің өкілімнің ұлы кәмілетке толғанған дейін ай сайын 169 мың теңге, жалпы сомасы 36 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс", – деді заңгер.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінде адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы үшін айыпталған экс-полицей Азат Азаматовтың өз кінәсін мойындағанын хабарлағанбыз.

Еске салсақ, Алматыда 25 мамыр күні таңертең бақылау-өткізу бекеттерінің бірінде қайғылы оқиға орын алды. BMW жүргізушісі патрульдік көлікпен соқтығысып, апат салдарынан қос полицей қызметкері қайтыс болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874449-blok-bekettegi-zol-klik-okigasy-markmny-jeli-36-mln-tege-temaky-talap-etti/

pixel