"Телефонмен анасымен сөйлескен": Алматыда 14 жасар баланы көлік қағып кетті (видео)

Опубликовано:

Жол-көлік оқиғасы Бекмаханов к-сі
Видеодан кадр: Astana.tv

Оңтүстік астананың Бекмаханов көшесінде жан түршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды: "Lexus" автокөлігінің жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан жаяу жүргіншіні қағып кетті. 14 жасар жеткіншек оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Астана" телеарнасының ақпарынша, жасөспірім үйіне қайтып бара жатқан. Автобустан түскен ол жол қысқартамын деп бағдаршамға бірнеше метр жетпей көшеден жүгіріп өтпек болған.

Болжам бойынша, көлік жүргізушісі жолда кенеттен пайда болған адамды көріп, әрекет етіп үлгермеген

Жеткіншек алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сол сәтте оның телефон арқылы анасымен сөйлескені белгілі болды.

"Оған анасы қоңырау шалған. Сол сәтте телефонмен сөйлесіп бара жатқан. Анасы соққының даусын естіген, артынан байланыс үзіліп кеткен", – дейді марқұмның досы.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптамалар жүргізілуде.

"Lexus" автокөлігінің жүргізушісі бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, қайғылы жағдай Шидт көшесінің қиылысына жақын маңда Бекмаханов көшесінің бойында орын алған.

Жеңіл көлік Бекмаханов көшесімен солтүстік бағытта жылжып келе жатып, қиылыстан өте бергенде жолға жеткіншек жүгіріп шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін Тәжікстанда атасы 2 жасар немересін жүк көлігімен басып кеткені туралы жазған болатынбыз.

Тәжікстанның Рудаки ауданында екі жасар бала атасы басқарып келе жатқан жүк көлігінің астына түсіп, көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874482-zetkinsek-zol-apaty-kezinde-telefon-arkyly-anasymen-sjlesip-bara-zatkan-video/