Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реалдың" бұрынғы ойыншысы балалар порносын сақтап, таратқанына күдіктелуде

Опубликовано:

Кристоф
Фото: instagram.com/m.etzelder

"Реалдың" бұрынғы футболшысы балалар порнографиясын сақтап, таратқанына күдіктелуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Реал Мадрид" клубының және Германия құрамасының бұрынғы футболшысы Кристоф Метцельдер балалар порнографиясы бар материалдарды сақтап, таратуға атсалысты деп күдіктелуде. Бұл туралы Life басылымы Spiegel неміс басылымына сілтеме жасап жазады.

Дюссельдорф әкімшілік сотының баспасөз хабарламасына сәйкес, олар айыпталушының, куәгерлердің және заттай айғақтардың негізінде осындай тоқтамға келгенін алға тартуда. Нақтырақ айтқанда, күдіктінің компьютерінен порнографиялық файлдар табылған.

Тергеу болжамына сәйкес, Метцельдер балалар порнографиясымен байланысы бар 297 файлды сақтап келген. Сонымен қатар спортшы WhatsApp қосымшасы арқылы әйелдерге 29 видео мен сурет жіберген.

Белгілі болғандай, бұрынғы футболшы өзіне тағылған кінәлардың бірін мойындап отыр. Алайда дәл қай айыптарды мойындағаны әзірге хабарланбады.

Бұл жайтқа қатысты Метцельдер өзі де, оның адвокаттары да үнсіз. Прокурор мен сот та бұрынғы ойыншының қай айыптарды мойындағанын айтпауды жөн санаған.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қарағанды облысында ер адамға педофилияның 18 ісіне қатысы бар деген айып тағылғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, жыл басынан бері Қазақстанда 550 бала педофил құрбаны болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874483-realdy-bryngy-ojynsysy-balalar-pornosyn-saktap-taratkanyna-kdiktelude/

pixel