Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бурабайдағы көлдің түбіне үйілген өлі балықтар" ел тұрғындарын шошытты

Опубликовано:

Өлі балықтар
Видеодан скриншот: qazaqpyz_goi

Әлеуметтік желілерде "Бурабайдағы көлдің түбінде өлі балықтар үйіліп жатқан" видео тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Instagram әлеуметтік желісінің qazaqpyz_goi атты парақшасында "Бурабайдың ең терең көліндегі өлі балықтар қазақстандықтарды ашуландырды" деген тақырыппен видео жария болды. Видеода қайықта отырған азамат көл түбінде өлі күйде жатқан балықтарды видеоға түсіріп жатқаны байқалады.

"Щучье көлінде өлі балықтарды видеоға түсіріп алды. Бұл не? Жаман экология? Не себепті? Жемқорлық?", - деп жазған видеоны жүктегендер.

Сол арада видео желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды.

"Адамдарды улап жатқанда, балықтар туралы не дей аламыз", "Әдейі улаған шығар", "Табиғатты құтқару керек", "Каспийде қаншама балық өліп жатыр. Онда мұнай өндіріп жатыр. Ал, Щучьеге не болды? Мына түрімізбен бүкіл табиғатты құртатын болдық қой", "Екінші толқын", "Құстар ұшпайтын болды, осы жылы мен оларды мүлде көрмегендеймін", "Су таза емес болып тұр ғой", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Бұл жайттың расымен Бурабайда болған-болмағаны әзірге белгісіз.

Еске салсақ, бұған дейін біз Атырау көгін қара түтін кеулегенін жазған едік. Қара түтіннің көзі "Болашақ" МГКДҚ зауытының шырақты қондырғысында болғаны анықталды.

Одан бөлек, Швейцарияда аспаннан жаңбырдың орнына шоколад жауғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874492-burabajdagy-kldi-tbine-jligen-li-balyktar-el-trgyndaryn-sosytty/

pixel