Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аты мен өмірбаянын өзгертіп үлгерген: Ресейде адам өлтірді деген күдікпен қазақстандық ұсталды

Опубликовано:

Күдікті оқиға орнында
Видеодан кадр: РФ тергеу комитеті

Ресейде адам өлтірді деген күдікпен 51 жастағы ер адам ұсталды. Белгілі болғандай, қылмыс оқиғасы 1994 жылдың сәуір айында орын алған. Тергеудің мәліметінше, тұтқындалған азамат ұзақ уақыт бойы өз елінде жасырынып жүрген. Ол Қазақстан азаматы болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Иркутск облысы бойынша тергеу басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыдан 26 жыл бұрын Братск ауданына қарасты елді мекеннің маңындағы жол бойында сансыз пышақ жарақат алған ер адамның денесі анықталған болатын.

Марқұмның туыстары оның өлімінен бірнеше күн бұрын екі бейтаныс адаммен өз көлігімен Тулун қаласына аттанғанын айтып берді. Кейіннен күдіктілердің кім екені анықталды. Алайда, олар Қазақстан шекарасын асып, жасырынып үлгерген.

Тергеу мәліметінше, күдіктілердің бірі Қазақстан азаматы болып шыққан. Ол өз елінде тығылып, сол аралықта аты-жөнін ауыстырып тастап, өзіне жаңа өмірбаянын ойлап тапқан.

Бірнеше жылдан кейін ол ойдан құрастырылған жеке мәліметтерін қолдана отырып, қайтадан Ресейдің Белгород облысына көшіп келеді. Сол жерде күдікті құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне ұсталды.

51 жастағы азамат жауап беру кезінде адам өлтіргенін мойындап, оқиғаның кейбір жайттарына қатысты құпияны ашты. Белгілі болғандай, бұл қылмыс пайдақорлықпен жасалған. Ер адам құрбанының көлігін иемденген соң, марқұмның атынан оның туыстарына хабарлама жіберген.

Онда оның Иркутск қаласында екені және үйге тек бір аптадан соң оралатыны жазылған. Күдіктінің айтуынша, бұл хабарлама оларға қосымша уақыт сыйлаған. Көлікке іздеу салынбай тұрған аралықта олар өзге өңірге дейін жетіп үлгерді.

Анықталғандай, ресейлік полицейлер екінші күдіктіні әлі де іздестіріп жатыр. Істің тергеу жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысы полиция департаменті Ақтаудағы психиатриялық емханада бірнеше адам өлтірген ресейлік аса қауіпті қылмыскер Валерий Андреев жатыр деген ақпаратқа қатысты түсінік берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874503-aty-men-mirbaanyn-zgertip-lgergen-resejde-adam-ltirdi-degen-kdikpen-kazakstandyk-staldy/

pixel