Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

2020 жылдың 15 қыркүйектегі статистикалық мәліметтеріне сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясы мен пневмониядан болған тағы алты өлім оқиғасы тіркелді. Бес науқас КВИ-ден көз жұмса, тағы бірі пневмония кесірінен қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

15 қыркүйек күні Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға тағы 408 қазақстандықтың шалдыққаны белгілі болды. Өкінішке қарай, өткен тәулікте аталмыш дерттен бір отандасымыз көз жұмды.

Сонымен қатар, тағы 71 адам бұл ауруды еңсеріп шықты.

Бірінші тамыз бен 16 қыркүйек аралығындағы пневмония бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 30 074 науқас тіркеліп, оның 26 406-сы жазылып шықты.

КВИ Статистика
Фото: Coronavirus2020.kz

Ал коронавирус инфекциясынан өткен тәулікте бес адам қайтыс болды. Таңы 431 науқас қауіпті індетті еңсеріп, емделіп шықты.

"COVID-19 таралуын болдырмау бойынша ВАК" ресми Telegram-каналының хабарлауынша, қазіргі таңда КВИ-ден 4 037 қазақстандық ем қабылдап жатыр. Оның 37-сі балалар болып шықты.

Еліміздің стационарларында 2 221 науқас жатса, амбулаторлық деңгейде 1816 адам емделіп жүр.

Бүгінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 125 адам аса ауыр халде жатса, тағы 16 адамның жағдайы тым қиын деп бағалануда. Оған қоса, тағы 18 отандасымыз жасанды тыныс алу аппараттарына қосылған.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда тағы 64 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын. Олар елімізде ПТР тестілеудің арқасында белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874513-kazakstanda-koronavirus-pen-pnevmoniadan-tagy-6-adam-kajtys-boldy/

pixel