Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутаты қазақстандықтарға жаппай вакцина салуды ұсынды

Опубликовано:

екпе1
Көрнекі фото: pixabay.com

Палатаның жалпы отырысында мәжіліс депутаты Зағипа Балиева тез арада қазақстандықтарға пневмококк инфекциясына қарсы жаппай вакцина салдыру керек екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зағипа Балиева Қазақстанда пневмококқа қарсы вацинаның 2010 жылы енгізіленін айтты. Алайда 10 жастан асқандар мен ересектерге екпе егілмеген.

"Бәлкім, қазақстандық COVID-тің ерекшелігі де сонда шығар. Мұның ауыр салдары бар. Ол - пневмония", - деді Бәлиева мәжілістің жалпы отырысында.

Инфекционистердің деректеріне сүйенген ол ересектер мен балаларға қыркүйектің соңында вакцинация жасау керек екенін мәлімдеді. Сондай-ақ депутат көптеген елдердің осы тактиканы құп көретінін атап өтті.

"Осы мәселені қарастыруды сұраймын, егер оң шешім қабылданса, онда бұл вакцина қымбат тұратындықтан мұны Міндетті медициналық сақтандыру қорының есебінен жасау керек. Мен бұл мәселені "СҚ-Фармация" алдында, бірнеше рет жұмыс топтарының отырыстарында көтердім, бірақ әлі жауап ала алмадым", - деді Балиева.

Оның айтуынша, біздің елде пневмококктың 13 түрінен балаларға арналған вакциналар бар болғанымен, ересектерге арналған вакциналар жоқ.

Балиева өзінің депутаттық сұрауында көрсеткендей, пневмококк инфекциясы бүкіл әлемде аурушаңдық пен өлімнің кең таралған себебі болып отыр.

Ауру кішкентай балалар мен қарт адамдарға аса қауіпті. Ол негізінен ауа тамшылары арқылы жұғады және мұрын-жұтқыншаққа орналасады.

Сонымен қатар, пневмококкқа қарсы вакцинация міндетті етілген көптеген елдерде аурушаңдық деңгейі салыстырмалы түрде төмен екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

Еске сала кетейік, еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып тұмауға қарсы вакцина салдырды.

Сондай-ақ, министр ең алғашқы болып тұмауға қарсы вакцина салдыруының себебін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874590-mzilis-deputaty-kazakstandyktarga-zappaj-vakcina-saludy-syndy/

pixel