Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Польша Қазақстан азаматтары үшін шекарасын ашты

Опубликовано:

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Тағы бір ел қазақстандықтар үшін өз шекараларын ашты. 16 қыркүйектен бастап Польшамен әуе қатынасы қайта жанданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Польша Республикасы Үкіметінің өкімімен Қазақстан 16 қыркүйектен бастап Варшава бұдан бұрын тікелей әуе қатынасына тыйым салған елдер тізімінен шығарылды.

Қазақстанның осы тізімнен шығарылуы COVID-19 таралуына байланысты еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын айғақтайды.

Сонымен бірге, АҚШ, Аргентина, Босния және Герцеговина, Бразилия, Израиль, Ирак, Испания, Катар, Кувейт, Молдова, Перу, Франция, Черногория және т.б. сияқты елдерді қоса алғанда, 30 мемлекет тікелей тұрақты әуе қатынасына тыйым салатын елдердің поляк тізімінде қалады. Мемлекеттердің аталмыш тізімін Польша үкіметі әр екі апта сайын шетелдегі эпидемиологиялық жағдай мониторингінің нәтижелеріне байланысты өзектендіреді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе байланысы қайта жанданады. Алғашқы рейс жексенбі, 20 қыркүйек ұшады.

Сонымен бірге, бұған дейін Ресей СІМ Сергей Викторович Лавров қос ел арасындағы шекараның ашылуына қатысты сұраққа жауап берген болатын.

Айта кету керек, 27 тамыздан бастап Қазақстаннан Түркияға рейстер қайта жанданған еді. Елдер арасындағы әуе қатынасы тамыздың басында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874644-polsa-kazakstan-azamattary-sin-sekarasyn-asty/

pixel