Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"12 жасар қызбен төсектес болған": БҚО-да шу тудырған үкімге наразылық білдірді

Опубликовано:

Қыз1
Көрнекі фото: piqsels.com

Оралда 12 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен ер адамға қатысты резонанстық үкімге шағым түскені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Уральская неделя" басылымының хабарлауынша, "Уран" қоғамдық бірлестігі облыстық прокуратура бірінші сатыдағы сот үкіміне наразылық білдірген деп хабарлады.

Демек, істі апелляциялық сот алқасы қарайды деп күтілуде. Ұйым қадағалаушы орган бұрын шығарылған үкімді жоюды және жаңа сот талқылауын талап ететіндігін атап өтті.

Сонымен қатар, прокуратура ювеналды соттардың шектеулі жариялылық жағдайында өткізілетіндігіне сілтеме жасай отырып, бұл іс бойынша түсініктеме беруден бас тартты.

Еске салсақ, Қарағанды облысы аудандарының бірінің үш тұрғыны – анасы мен қызы, сондай-ақ олардың таныстары сотқа тартылды. Әйелдер қылмыс туралы хабарламады деген күдік бар, ал ер адам кәмелетке толмаған екі жасөспірімге қатысты бірқатар жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді.

Оған қоса, 11 жастағы қыз бала жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғаны туралы жазған едік. Оны өгей әкесі мен немера ағасы қорлаған. Бұл сұмдық алты айдан астам уақытқа созылыпты.

Айта кеткен жөн, елімізде жыл басынан бері, кәмелеттік жасқа толмаған 550 бала педофил құрбаны болыпты. Олардың дені 14 жасқа толмаған қыз балалар. Ішкі істер министрлігі деректеріне қарағанда, балаға зорлық жасағандардың басым көпшілігі жақын туысы. Араларында туған баласына қорлық көрсеткен әкелер де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874662-12-zasar-kyzben-tsektes-bolgan-bko-da-su-tudyrgan-kimge-narazylyk-bildirdi/

pixel