Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның ең ұзын өзендерінің біріне жойылып кету қаупі төніп тұр

Опубликовано:

Өзен
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеліктер еліміздің ең ұзын өзендерінің бірі жойылудың сәл-ақ алдында тұрғанын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс тұрғындары Уіл құрғаса онымен бірге ондаған елдімекен жойылып кететінін айтуда.

Уіл өзенінің ұзындығы кезінде 800 шақырымды құрайтын, алайда соңғы жылдары өзен қатты тартылып кетті. Өзеннің суы жасылданып, одан жағымсыз иіс шыға бастаған дейді Ақтөбе облысының тұрғындары.

Олар күндердің бір күні өзен мүлде жойылып кетуі мүмкін екенін айтуда. Өзенмен бірге ішетін су да жоғалады дейді олар.

Жергілікті шенеуніктер өзен табиғат ерекшеліктерінен тартылып жатыр деген пікірде. Олардың айтуынша, соңғы бірнеше жылда қыста қар аз түскен, жыл бойы жаңбыр аз жауған, сәйкесінше, өзен дұрыс суға тола алмаған.

Экологтар болса, олармен келіспей отыр. Олар өзеннің тартылуына адамның әрекеттері себеп екенін алға тартып, адамдар келтірілген залалдың орнын толтыруы тиіс деген пікірде.

"Экожүйені өңірді жасылдандыру арқылы қалпына келтіру керек. Суды тазарту керек. Миллиардтық шығыны бар кеңейтулердің еш пайдасы жоқ", - дейді эколог Александр Мандыркин.

Айта кетерлігі, Ақтөбе облысында су қоймаларының мәселесі өршіп тұр - барлық дерлік өзендер тартыла бастаған, экологтар бұл мәселе бойынша бірнеше жыл дабыл қағып келуде екен. Алайда әзірге мәселені шешетін адам жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін біз "Бурабайдағы көлдің түбіне үйілген өлі балықтар" ел тұрғындарын шошытқанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Атырау көгін қара түтін кеулегенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874699-kazakstanny-e-zyn-zenderini-birine-zojylyp-ketu-kaupi-tnip-tr/

pixel