Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан аруы-2020" пандемияға байланысты биыл өтпейтін болды

Опубликовано:

ФОто
Көрнекі фото: pexels.com

Елімізде биыл "Қазақстан аруы" ұлттық байқауы өткізілмейді. Мұндай шешімнің қабылданғанын ұлттық сұлулық байқауының дирекциясы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

"Қазақстан аруы" баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылы байқау ұйымдастырушылары мен қатысушылары қайырымдылық және әлеуметтік жобаларға айрықша назар аудармақ.

"Осындай қиын кезеңде финалды ауыстыру туралы шешім қабылдай отырып, біз бар күш-жігерімізді "Сұлулық мейірімділікте" әлеуметтік жобасын дамытуға бағыттауға ниет танытып отырмыз. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында, сондай-ақ, еріктілер қозғалысы мен қайырымдылық жобаларына белсенді түрде қатыса отырып қана біз көрінбейтін жауды жеңе аламыз", - деді сайыстың директоры Алена Кырбасова.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, қатаң карантиннің алғашқы күнінен бастап, сұлулық байқауының әр жылдардағы финалистері еріктілер қозғалысына қатысып келеді. Олар азық-түлік толтырылған себеттерді дүкенге шығуға қауқарсыз мұқтаж қарияларға, тәулік бойы жұмыс істейтін дәрігерлерге жеткізген.

Биыл "Қазақстан аруы" байқауының онлайн форматындағы өңірлік іріктеу турлары ғана өтеді.

Айта кетейік, осы жылы "Әлем аруы" байқауының да өтпейтіні белгілі.

Еске сала кетейік, қазақстандық әнші Данэлия Төлешова көрермендердің қолдауының арқасында America’s Got Talent әлемдік шоуының финалына өткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874786-kazakstan-aruy-2020-bajkauy-pandemiaga-bajlanysty-biyl-tpejtin-boldy/

pixel