Отандық ғалым: Белсенді қоспалар мен дәрі-дәрмекке ақша жұмсамаңыз
Опубликовано:

Профилактикалық медицина академиясының басшысы Алмаз Шарман Алматы әкімдігінің онлайн брифингі барысында қазақстандықтарға биологиялық белсенді қоспалар мен дәрі-дәрмектерге ақша жұмсамауға және олардың иммундық жүйені нығайту қабілетіне сенбеуге кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ғалымға әр түрлі вирустық аурулардың алдын алу шаралары ретінде дәрумендер, белсенді қоспалар мен шөптерді қабылдауға қатысты сауалдар қойылды.
"Биологиялық белсенді қоспаларға сенбеңіз - иммунитетті тікелей арттыратын мұндай дәрі-дәрмектер жоқ. Өзіңізді коронавирустан ғана емес, басқа да инфекциялардан қорғау үшін сізге дұрыс тамақтану керек, әсіресе көкөністер мен жемістерді жеген жөн.
Түрлі белсенді қоспалар мен дәрі-дәрмектерге ақша жұмсамаңыз, оның орнына жеміс-жидек пен көкөністерді сатып алып не бақшаңызда өсіріп, тұтыныңыз.
Жақында жүзімнің құрамында антиоксиданттар болғандықтан, өкпені - ресвератролды қорғайтыны туралы ақпарат пайда болды. Қыс түскенде жидектер мұздатылған және құрғаған күйде де пайдалы болады.
"Д" дәрумені ағзаға өте пайдалы: Шуақты күндері күн сәулесінде жиі жүруге тырысыңыз, өйткені ол күн сәулелері мен кейбір тағамдардың көмегімен өндіріледі", - деді Шарман.
Сондай-ақ, маман толыққанды ұйықтауға кеңес берді. Ұйқы иммундық жүйені нығайтады, сонымен қатар күйзелістің алдын алуға көмектеседі
"Күйзеліс иммундық қорғанысты басады, сонымен қатар, өкпе инфекцияларына әсер етеді. Дәрігерлерде "Өкпе ауруы - бұл жараланған жан ауруы" деген тіркес бар, сондықтан жағымсыз жаңалықтарға аз көңіл бөліп, жақсы көңіл-күйге бейімделіңіз", - деп кеңес береді ғалым.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда заңсыз айналымнан 819 млн теңге сомасына дәрі-дәрмек тәркіленген еді.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмек бағасын көтеріп сатқан 50 тұлға жауапқа тартылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874802-otandyk-galym-belsendi-kospalar-men-dri-drmekke-aksa-zmsamayz/