ІІМ алтын контрабандасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады
Опубликовано:

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірге алтын ұрлаумен және контрабандамен айналысқан бірнеше қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің ресми сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыстық топ мүшелері Ақмола облысының кәсіпорындарында шикізат ұрлау схемасын құрған. Алтын алдымен жасырын кішігірім-шеберханаларда әзірленіп, содан кейін Қазақстаннан тыс жерлерге экспортталған.
Арнайы операция кезінде контрабанданың үлкен арнасы бұғатталды. Тәртіп сақшылары 10 адамды ұстады. Сонымен бірге, заттай айғақтар мен техникалық құралдар тәркіленді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұл үшін топ мүшелері 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қыркүйекте ҰҚК ІІМ бірлесіп, Қазақстан аумағында ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескен еді.
Ұстау операциясына "А" және "Бүркіт" арнайы жасақтары қатысқан. Арнайы операция кезінде Нұр-Сұлтан, Қостанай, Алматы және Ақтөбе қалаларында аталған топтардың 15 жетекшісі мен мүшелері ұсталған.
Сондай-ақ, айта кетсек, кеше ішкі істер министрлігі қыздарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды шетелге алдап апарып, сексуалдық мақсатта пайдаланған қылмыстық топтың әрекетін әшкерелегені хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874860-iim-altyn-kontrabandasymen-ajnalyskan-jymdaskan-kylmystyk-topty-stady/