Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда алдағы демалыс күндері автобустар істей ме

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада алдағы демалыс күндері автобустар тек сенбі күні қатынайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"20 қыркүйек - жексенбіде елордада автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Өйткені залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сенбі күні қоғамдық көліктер бұрынғы күнделікті қалыпта жұмыс істейді", - деп хабарлады CTS. ⠀

21 қыркүйекте - дүйсенбіден бастап қалалық және қала маңындағы маршруттар жұмысқа шығады.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмеуі алғаш рет емес. Мәселен 30 тамызда елордада автобустар қатынамады. Ол кезде де автопарктерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетін болатын.

Сонымен қатар бұған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин демалыс күндері мегаполисте қоғамдық көліктердің жүрмейтінін хабарлаған еді.

Сондай-ақ ол сенбі, жексенбіде базарлар мен сұлулық салондары, моншалар мен сауналар жұмыс істемейтінін де жеткізген болатын.

Бекшиннің сөзінше, қатаң шараларды сақтау арқылы ғана қаладағы жағдайды тұрақтандыра аламыз. Олай болмаған жағдайда коронавирустың таралуының тағы бір қаупі туындауы мүмкін.

Алматы қаласы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров бүгін өткен онлайн-эфир кезінде шаһардағы коронавирус таралуын ушықтырып жібермес үшін не істеу керегін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874882-nr-sltanda-aldagy-demalys-knderi-avtobustar-istej-me/

pixel