Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бургер орталығы өртке оранды

Опубликовано:

Өрт
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласында «Бақыт бургер» атты жедел тағам дайындау орталығы өртенді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

17 қыркүйек күні кешкі уақытта Шымкент қаласында көпқабатты үйдің астындағы «Бақыт бургер» жедел тағам дайындау орталығы өртеніп кетті,

Бургер орталығының жанында болған барлық тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, өрт кешкі сағат 19:38-де Республика даңғылындағы орталықтан шыққан.

Өрттің жалпы аумағы 180 шаршы метрді құрады. Қалалық өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 30 адам және сегіз өрт сөндіру техникасы оқиға орнына жедел келіп жетті.

Олар қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, электр қуатын ажыратты.

«Өрт сағат 20:24 толықтай сөндірілген. Жалын жалпы аумағы 180 шаршы метрді шарпып, ғимараттың біраз бөлігі жанып кеткен. Қазіргі таңда келтірілген материалдық шығынның көлемі мен өрттің себептері анықталуда», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде ер адам таң алдында үйін өртеп, үш отбасы далада қалғанын жазған болатынбыз. Бір-біріне жапсарласып орналасқан үш үйдің де түгі қалмай жанып кеткен. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.

Одан бөлек, Қазақстанның ең ұзын өзендерінің біріне жойылып кету қаупі төніп тұрғанын жазған едік. Өзенмен бірге ішетін су да жоғалады дейді тұрғындар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1874921-symkentte-burger-ortalygy-rtke-orandy/

pixel