Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер алдағы демалыста ауа райы қандай болатынын айтты

Опубликовано:

күзз
Көрнекі фото: almaty.tv

Мамандардың болжауы бойынша, алдағы үш күнде Қазақстандағы ауа райына антициклон әсер етеді. 19-21 қыркүйекте жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температура жоғарылайды деп хабарлайды Қазгидромет синоптиктері.

"Қазақстанның батысына Мәскеу жақтан келетін циклон әсер етеді. Соның салдарынан жаңбыр жауып, кей жерде қатты найзағай ойнайды. Екпінді жел мен дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін", – делінген хабарламада.

Күзгі ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің хабарлауынша, айдың бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді. Ал ай соңына қарай оңтүстік өңірлерде үсік болады.

Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық болады. Дегенмен, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл және Түркістан облысының таулы аудандарында нормадан артық жауады.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Қарағанды облысының батысында жауын-шашын нормадан аз түседі.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «Қазгидромет» РКМ-сі Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялағаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875096-sinoptikter-aldagy-demalysta-aua-rajy-kandaj-bolatynyn-ajtty/

pixel