Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері қандай нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді

Опубликовано:

сауда орталығы
Көрнекі фото: ktk.kz

Демалыс және мереке күндері ғибадат ету нысандарының қызметіне рұқсат етілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлімдеді.

Айтуынша, 16 қыркүйекте бас мемлекеттік санитарлық дәрігер карантин талаптарын жеңілдететін қаулыға қол қойған.

"Оған сәйкес, демалыс және мереке күндері сұлулық салондары, шаштараз, СПА-орталықтар, косметология қызметін көрсетін нысандар, фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, жаттығу залдары, спорт кешендері, діни нысандар мен сауналардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді", – деді ол.

Ал сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтары демалыс және мереке күндері сол бұрынғысынша жабық болады. Тек, ғимараттың ішіндегі азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалар ғана жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы уақытша тоқтатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875114-demalys-knderi-kandaj-nysandardy-zmys-isteuine-rksat-etildi/

pixel