Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істей ме

Опубликовано:

сауда орталығы
Көрнекі фото: ktk.kz

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілі Роза Қожапова Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте сауда және ойын-сауық орталықтарының демалыс күндері қалай жұмыс істейтінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Қожапова 16 қыркүйекте елдің бас санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы бекітілгенін еске түсірді. Құжатта кейбір жеңілдіктер енгізілді, атап айтқанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің ашық аспан астында және жабық үй-жайларда қызмет етуіне рұқсат етіледі, залда 50 орыннан көп емес ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді, ал бұған дейін бұл сан 30-дан аспайтын.

Алайда, оның айтуынша, сауда орталықтарының, сауда және ойын-сауық орталықтарының демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады. Бұл тыйым азық-түлік супермаркеттері мен оларда орналасқан дәріханаларға қолданылмайды.

Сұлулық салондары, шаштараз салондары, СПА орталықтары, косметикалық қызмет көрсететін нысандар, фитнес орталықтары мен спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, спорт залдары, спорт кешендері, сауналар мен діни нысандар жұмысын жалғастыра алады.

Алайда азық-түлік емес және жабық базарлардың жұмысы тоқтатылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қандай жағдайда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін екенін жазған едік.

Айта кетейік, премьер-министр Асқар Мамин бұған дейін үкіметтің онлайн отырысында күзде туындауы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болуды, әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыруды тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875122-elimizde-demalys-knderi-sauda-ortalyktary-zmys-istej-me/

pixel