Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші мерт болды

Опубликовано:

Апат
Көрнекі фото: don24.ru

Оралда өрт сөндіру көлігі аударылып, жүргізуші мерт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға бүгін кешке қаладан шыға берістегі Свистун гора ауданында болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәлімет бойынша, жасы 30-35-тегі ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында екі жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапқан еді.

Екі бірдей жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тауып, тағы жетеуі түрлі дене жарақаттарын алған.

Полицейлердің мәліметіне сәйкес, алғашқы қайғылы жағдай Есіл ауданындағы Явленка аудан орталығына кіреберістегі көлік тас жолында сағат тағы онда болған.

Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, "Москвич" жүргізушісі бұрыла бергенде бетпе-бет келе жатқан Volvo жүк көлігіне жол беріп үлгермеген.

Сондай-ақ, айта кетейік, Ақтөбеде КамАз 5 жасар баланы қағып кеткен еді.

17 қыркүйек күні Жұмабаев көшесімен Озерная көшесінен Мехколонна көшесі бағытында келе жатқан КамАЗ-65115 автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда көлік қаққан ер адам ғажайыптың күшімен аман қалған еді.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде кең тарады. Оқиға Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында болған.

Бейнежазба кадрларынан бір көліктің екінші көлікке жол бермегенін анық көруге болады. Салдарынан ақ кроссовер жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бірнеше метрге ұшып, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1875126-oraldagy-rt-sndiru-kligi-audarylyp-zrgizusi-mert-boldy/

pixel