Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Опубликовано:

Жобалық кеңсе
Фото: Қорғаныс министрлігі

Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою мақсатында Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі ашылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жобалық топтың құрамына әскери есепке алу, шақыру, кадр жұмысы және қаржы қызметі мәселелері бойынша департаменттің әскери қызметшілері мен азаматтық қызметші мамандары кірді.

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті түсіндіргендей, азаматтар туындаған сұрақтармен кеңсеге келгенде кезекші тікелей қабылдауды жүзеге асыратын кеңсе басшысына хабарлайды. Қажет болған жағдайда, мәселені шешу үшін жобалық топтың тиісті мамандарын шақырады.

Жобалық кеңсе
Фото: Қорғаныс министрлігі
«Жобалық кеңсе азаматтарды қызметтік іс жүргізуде тікелей қабылдау барысында мұрағатқа жүгінуді талап ететін анықтамалық жұмыстарды қоспағанда, олардың құжаттарын тіркеудің қажеттілігі болмайды» , – деді жобалық кеңсенің басшысы, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Ринат Мадьяров.

Жобалық топ азаматтардың мәселелерін шешу үшін жан-жақты шаралар қабылдайтын болады. Жұмыстың тиімділігі мекеме бастығына жазбаша өтініш беру, бағынысты біріккен басқармалармен, сондай-ақ басқа да органдармен және мекемелермен хат алмасу қажеттілігін жояды. Осылайша, қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы артады.

Жобалық кеңсе
Фото: Қорғаныс министрлігі

Айта кетейік, «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы бекітілген «Адалдық алаңы» жобасының жарғысына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылатын болады.

Келушілерді қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00 мен 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Жобалық кеңсе
Фото: Қорғаныс министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875156-symkentte-karuly-ksteri---adaldyk-alay-zobalyk-kesesi-asyldy/

pixel