Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада бірнеше көше уақытша жабылады

Опубликовано:

Астана
Көрнекі фото: Ашық дереккөз

Елордада жол-құрылыс жұмыстарына байланысты Ақбидай – Өндіріс көшелерінің қиылысындағы көлік қозғалысы 19 қыркүйек сағат 20:00-ден 20 қыркүйек сағат 8:00-ге дейін толығымен жабылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деп хабарлады Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында карантин шектеулері жеңілдетілді. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысы елордалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментінің ресми сайтында пайда болды.

Қаулыға сәйкес, шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы шешім елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын есепке ала отырып қабылданған.

Дегенмен, әлі де жаппай және отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынады. Жеке және бес адамнан артық емес топқа ғана әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық алаңда спортпен шұғылдануға рұқсат беріледі.

Табиғатқа жиналып шығуға және қалаға экскурсия жасауға тыйым салынады. Тек бір жанұяның үш мүшесіне ғана жүруге рұқсат. Сондай-ақ, қоғамдық орындар мен көліктерге маска тағу ережесі әлі де сақталады. Барлық ұйымның 50 пайыз қызметкері қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруы тиіс

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875184-elordada-birnese-kse-uakytsa-zabylady/

pixel