Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2020 жылдағы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Опубликовано:

Кітаптар
Көрнекі фото: Facebook

Желіде шетелде оқуға грант алуға мүмкіндік беретін "Болашақ" мемлекеттік бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды. Оған 106 адам кірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "EDU NEWS" атты ресми Telegram-арнаға сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметтеріне сәйкес, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия 2020 жылы "Болашақ" стипендиясын 106 үміткерге ұсынуға шешім қабылдады.

Халықаралық стипендияны иеленгендердің толық тізімімен бағдарламаның ресми сайтында танысуға болады.

Оған қоса, хабарламада оқу үрдісі мен студенттердің үлгерімін бақылау халықаралық бағдарламалар Орталығының жаңа порталы арқылы жүзеге асырылып отыратыны жазылған.

Білім мен ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің Facebook парақшасында "Болашақ" бағдарламасына қатысты жазба жариялады:

  • Стипендиаттарды іріктеу президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу үлгісі бойынша толығымен автоматтандырылған;
  • Конкурстық іріктеудің әр кезеңі прокторинг жүйесі арқылы цифрландырылған және бейнетіркеуге алынды;
  • Кешенді тестілеу мен сұхбаттасу процесін өткізу тәсілінің сапасы артты. Үміткерлер оқу орнына өз бетімен түсуі тиіс, сондықтан пәндік сұрақтар қойып, тексерудің қажеті жоқ. Оның орнына үміткерлердің талдау, сыни ойлау, фактілерді түсіндіру дағдыларын және ерекше жағдайларда бейімделу қабілеттерін бағалауға назар аударылды.

Дәуленовтың сөзінше, бұл дағдыларсыз шетелде оқудың еш мәнісі жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875199-2020-zyldagy-bolasak-stipendiasy-iegerlerini-tizimi-zarialandy/

pixel