Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай шыңында ұлы ағартушының құрметіне ту орнатылды

Опубликовано:

Қарулы күштер
Фото: Қорғаныс министрлігі

ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері 4010 метр биіктікте Іле Алатауы жотасының сілемінде орналасқан Абай шыңына шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция қазақтың ұлы ойшылы, жазушы және қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының мерейтойына орайластырылды.

Жарысқа қатысушылар маршрут бойынша қозғалысты «Тұйықсу қақпасы» базалық лагерінен бастады. Әскери қызметшілер күрделі сейсмикалық қауіпті учаскелер мен жартастарды еңсеру барысында жауынгерлік машықтары мен шеберліктерін көрсетті. Топ құрамында алғаш рет осы биіктікті бағындырған альпинистер де болды.

Қарулы күштер
Фото: Қорғаныс министрлігі

Әскери қызметшілер шыңды бағындырғаннан кейін оған Қазақстан Республикасының туын тікті. Сондай-ақ, шың басына Қарулы Күштер атынан ескерткіш мәрмәр тақтасы орнатылды.

Қарулы күштер
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қарулы күштер
Фото: Қорғаныс министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875215-abaj-syynda-ly-agartusyny-krmetine-tu-ornatyldy/

pixel