Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордадағы "бүкір көпір" опырылып құлады

Опубликовано:

Көпір
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД

Елорданың Алаш тас жолы бойындағы "бүкір көпі" аталып кеткен көпірдің бір жақ шеті опырылып құлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайдар департаментінің мәліметінше, көпірдің құлағаны туралы ақпарат бүгін таңертеңгі сағат 04-50-де түскен.

Оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін ТЖД мамандары аттанған. Нәтижесінде "ҚазақЖолҚұрылыс" ЖШС-ның көпірді бөлшектеу жұмыстары барысында темір-бетон арқалықтың темір жолдың үстіне құлағаны анықталған.

Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында дельтаплан құлап, нәтижесінде бір адам зардап шеккенін хабарлаған едік.

Оқиға кеше, 19 қыркүйекте Қарақия ауданында орналасқан Шопан ата қорымына барар жолда орын алған. Бұл туралы Tumba.kz басылымы мәлімдеді.

Ер адамға көмек көрсетуге оқиға орнына құтқарушылар тобы келіп жеткен. Күні кеше облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты дағдарыс жағдайларының басқармасына дельтаплан атты моторсыз ұшатын аппараттың құлағаны жайлы хабарлама келіп түскен. ТЖД мәліметтерінше, дельтапланның құлауы салдарынан 32 жастағы ер адам зардап шеккен. Азамат екі қолын сындырып, жардан өз күшімен шыға алмай қалған.

Оқиға орнынан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бес құтқарушысы шыққан. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, альпинисттік жарақтардың көмегімен оны жардан түсіріп, бірден ауруханаға жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1875230-elordadagy-bkir-kpir-opyrylyp-klady/

pixel