Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарыағашта анасы мен баласының бірігіп жасаған қылмысы ашылды

Опубликовано:

Фото
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері өзгенің көліктерін жымқырған күдіктілерді ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Тәжікстан азаматы арызданған. Ол өз шағымында 2020 жылдың мамыр айында Қапланбек шекара бекеті маңындағы тұраққа қойып кеткен тоғыз автокөлігін белгісіз адамдар ұрлап кеткенін айтып, көмек сұраған..

"Бұл жағдайды тәртіп сақшылары іс құжатына қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша тіркеді. Осылайща, сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін жымқырған күдіктілерді ұстау мақсатында аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы іздестіруге кірісті", – делінген хабарламада.

Кешенді жұмыстар жүргізу барысында жедел уәкілдер күдіктілерді анықтады. Олар жәбірленуші көліктерін сеніп тапсырып кеткен тұрақта жұмыс істеген әйел мен оның ұлы болып шыққан. Қылмыс жасап, Қазығұрт ауданындағы туысының үйіне жасырынған күдіктілер қазіргі уақытта өз кінәсін толық мойындағаны белгілі болды.

Тергеу кезінде 2019 жылы алаяқтық әрекеті үшін жергілікті тұрғынның 3,5 жылға бас бостандығы шектелгені анықталған. Ол анасын көндіріп, көліктердің алтауын Шымкент қаласында бес миллион теңгеге сатқан. Ал қалған көліктерді Сарыағаш қаласында бөлшектеп 2,5 миллион теңгеге өткізіп, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап жіберіпті.

"Олар алдын ала сөз байласу арқылы бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, Қылмыстық кодекстің 188-бабында көрсетілген әрекетке барған. Сондықтан аталған фактіні полицейлер Қылмыстық кодекстің 189-бабынан 188-бабына ауыстырды. Ал айғақты зат ретінде көліктер тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресей Федерациясында адам өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталған болатын. Қылмыс оқиғасы 1994 жылдың сәуір айында болған. Тергеу мәліметінше, тұтқындалған ер азамат ұзақ уақыт бойы өз елінде жасырынып жүрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875350-saryagasta-anasy-men-balasyny-birigip-zasagan-kylmysy-asyldy/

pixel