Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айзат Молдағасымова жаңа қызметінен босатылды

Опубликовано:

594156
Фото: zakon.kz

Айзат Молдағасымова сынақ мерзімінен өте алмауына байланысты жаңа қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

14 қыркүйекте Айзат Молдағасымова Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры қызметінен босатылды. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі оның себебін Молдағасымованың сынақ мерзімінде өзін көрсете алмауымен байланыстырып, түсініктеме берді.

Бұған дейін Айзат Молдағасымованың үлкен жанжалдан кейін Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы - Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қызметінен босатылғанын хабарлаған едік.

10 наурыз күні шенеунік бортында коронавирус жұқтырған жолаушысы бар рейспен ұшып келген. Алайда, елге оралған кезде оны карантиндік стационарға жатқызған жоқ. Бұл жағдай қоғамшылдардың ашуын тудырды. Олар өзге адамдар денсаулығына зиян келуі мүмкін болғанын алға тартып, оңтүстік астана әкіміне қаланың бас санитар дәрігерін жұмыстан босатуын талап етті.

Айзат Молдағасымова өзіне тағылған айыптаулармен мүлдем келіскен жоқ.

Сонымен қатар 30-дан астам алматылық дәрігер мемлекеттік қызметкерді сотқа берген болатын.

Бұл оқиға медицина қызметкерлерінің жаппай коронавирус жұқтыруынан кейін орын алды. 180-нен астам дәрігердің сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Олардың көбісі орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері болып шықты.

Ал маусым айының басында Алматы қаласының бас санитар дәрігері қызметінен кеткен Айзат Молдағасымова жаңа қызметке ие болды. Ол Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры лауазымына тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875447-ajzat-moldagasymova-zaa-kyzmetinen-bosatyldy/

pixel