Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Он рет сотталған: Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды

Опубликовано:

Қылмыскер құрықталды
Көрнекі фото: Ria.ru

Талдықорғанда аса қауіпті рецидивист ұсталды. Бірнеше мәрте ұрлық жасады деген күдікке ілінген 54 жастағы тұрғын бұрын он рет сотталған болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың сәуір айынан бастап жеке үйлерде бірнеше рет ұрлық жасалған. Оңай олжаға дәніккен азамат үй иелері кеткен сәтті күтіп, түрлі жолдармен үйге кірген екен. Ұрланған мүліктің ішінде әртүрлі тұрмыстық техника, азық-түлік және велосипед сияқты түрлі заттар бар.

"Криминалдық полиция қызметкерлері көптеген күдіктіні тексерді, ақырында Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғыны - аса қауіпті рецидивист анықталды. Ол он рет сотталған", – дейді Талдықорған қаласы ПБ Батыс ҚПБ бастығы Айдын Аденбаев.

Күдікті алғаш рет заңға қайшы әрекетін 15 жасында жасаған, содан бері ол темір тордың арғы жағында 35 жыл өмірін өткізген. Ол негізінен ұрлық жасағаны үшін, бір рет ауыр дене жарақаты үшін сотталған. 2020 жылдың ақпан айында түрмеден босап шыққан.

"Бүгінгі күні күдіктінің 12 эпизодқа қатысы бар екенін дәлелдей алдық. Ұрланған заттардың бір бөлігін тауып, заңды иелеріне қайтардық, ал қалған бөлігін күдікті сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған ", – деп толықтырды полицей Айдын Аденбаев.  

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысында тұрғын үйлердің біріне балкон арқылы кірген ұры ұйықтап жатқан үй иесіне шабуыл жасаған болатын.

Жәбірленуші ешқандай бағалы заты болмағандықтан қолындағы құны 16 мың теңге тұратын ұялы телефонын беріпті. Содан кейін күдікті бірден оқиға орынынан ізін суытқан.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азамат ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875684-on-ret-sottalgan-taldykorganda-35-zyl-trmede-otyrgan-baukespe-ry-staldy/