Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрлігінде екі жаңа комитет құрылмақ

Опубликовано:

Комитет1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстан үкіметі Денсаулық сақтау министрлігінің құрамына кіретін тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету комитетін екі бөлімге бөлу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкімет бүгін тиісті қаулыны жариялады.

Құжатта "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі оны "Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Медициналық-фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі етіп бөлу арқылы қайта құрылатындығы айтылған".

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері де қайта құрылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органмен айқындалады;

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің "Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басқару жөніндегі уәкілетті органмен айқындалады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда жаңа министрлік құрылған болатын.

Сондай-ақ, Төтенше жағдай министрлігінің жаңа басшысы мемлекет басшысының қабылдауында болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875685-densaulyk-saktau-ministrliginde-eki-zaa-komitet-krylmak/

pixel