Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан коронавирусқа қарсы инъекциясыз вакцина әзірлеп жатыр

Опубликовано:

Мұрын1
Көрнекі фото: Anke Thomass/ullstein bild via Getty Images

ДДСҰ Қазақстанда коронавирусқа қарсы жасалып жатқан жаңа инновациялық вакцинаны үміткер ретінде тіркеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Вакцинаны әзірлеу бойынша Қазақстан ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ) мен Америкадағы Огайо штатының университеті бірлесе жұмыс істейді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

ҚазҰАУ жанындағы Халықаралық вакцинация орталығының директоры Қайсар Табыновтың айтуынша, жасалып жатқан вакцина мұрынға себу арқылы қолданылады.

"Ол мұрынға себілетін болады, Огайо штатының университетімен бірлесіп нанобөлшектер негізінде жасалады. Біз бұл ұсынылған кандидаттардың ең қауіпсіз вакцинасы болады деген үміттеміз", – деді Табынов.

Қазір препарат клиникаға дейінгі тестілеу сатысында: ол зертханалық жануарларға сынақтан өткізілуде. Осылайша, оның қауіпсіздігі мен тиімділігі тексеріледі.

"Біз тек қана жақсы нәтиже алған жағдайда ғана клиникалық сынақтардың бірінші кезеңіне өтеміз. Біз осы вакцинаны инвестициялауға және оны одан әрі ілгерілетуге негіз болатын эксперименталды түрде расталған мәліметтерді алуымыз керек", – деп түсіндірді профессор.

Еске салсақ, елімізде коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның клиникалық сынағына қатысатын еріктілерге 200 мың теңгеден төленетіні белгілі болды.

Оған қоса, коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеу басталғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ, екінші қазақстандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының вакцинаға үміткерлер тізіміне енгізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875737-kazakstan-koronaviruska-karsy-inekciasyz-vakcina-zirlep-zatyr/

pixel