Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік жүргізу құқығынан айырылған 300-ден астам алматылық рөлге мас күйде отырған

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда көлік жүргізу құқығынан айырылған 300-ден астам жүргізуші мас күйінде рөлге отырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мас күйінде көлік жүргізудің заңға қайшы әрекет екенін ескертеді. Адам өзінің іс-әрекетінің ауырлығын және салдарын жақсы біледі немесе оған немқұрайлы қарайды. Мұндай жағдайды ақтап алу мүмкін емес.

"Заңнама қатаңдатылғанына қарамастан, кейбір автокөлік жүргізушілері масайтатын заттарды пайдалануды жалғастыруда. Әкімшілік заңнамаға енгізілген өзгертулерге байланысты 2020 жылы ҚР ҚКХБ-нің 608, 612, 613-баптары бойынша санкциялар 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу түрінде қатаңдатылды.
Жыл басынан бері көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқару, сондай - ақ көлік құралын жүргізуді алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамға беру бойынша 847 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, олардың 835-і сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды, - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

769 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, 66 жүргізуші 7 жыл көлік құралын басқару құқығынан айырылды және 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қалған 12 жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Спикердің мәліметінше, ҚР ӘҚБтК-нің 612ч3-бабы бойынша жүргізуші куәлігінен айырылып, көлікті басқарғаны үшін 302 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 63-і сот шешімімен қамауға алынды. Салынған айыппұл сомасы – 10 млн 498 мың 018 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының тұрғыны полиция қызметкерлерінен қашып кетуге әрекет жасап, тәртіп сақшысына қол жұмсаған.

Айта кетейік, Қостанай облысында патрульді полиция көлігінің артқы есігінен шыққан ер адам жолдың үстінде қашып кетті. Осыған байланысты жұмысына салғырт қараған полицейлер тәртіптік жауапқа тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875833-klik-zrgizu-kkygynan-ajyrylgan-300-den-astam-almatylyk-rlge-mas-kjde-otyrgan/

pixel