Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жолдан өтпек болған ер адамды жүк көлігі қағып кетті

Опубликовано:

ааур
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Алматыда жолдан өтпек болған қарт кісіні жүк көлігі қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпараттарға сүйенсек, жол апаты Төле би көшесінен төмен, шығыс айналма жолындағы жанармай құю бекетіне қарама-қарсы бетте болған.

Олар автокөлік жолдың сол жағын жүріп өткен соң жүгірген.

Осы сәтте ортаңғы қатарда "ГАЗель" жүк көлігі келе жатқан. Жүргізуші жаяу жүргіншілерді көрген соң не істерін білмей қалып, олардың бірін қағып кеткен.

Сондай-ақ, осы нұсқаға сәйкес, жұк көлігі қаққан ер адамның үстінен автокөлік басып өткен. Өйткені оны артқы дөңгелектерінен қан іздер табылған.

Ер адам алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болған. Осыдан кейін автокөлік кептелісі басталған.

Қазіргі уақытта алматылық полиция осы оқиғаны тексеріп жатқаны хабарланды.

Еске сала кетсек, Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Салдарынан үш адам қаза тауып, тағы бесеуі ауруханаға жеткізілген.

Polisia.kz сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, жол апаты бүгін сағат 16:38 шамасында орын алған.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылының жанындағы Арыс-Шымкент тас жолында “ВАЗ” және “Мазда” автокөліктері соқтығысқан.

Айта кетсек, Солтүстік Қазақстан облысында екі жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапқан еді. Екі бірдей жол көлік оқиғасынан төрт адам қаза тауып, тағы жетеуі түрлі дене жарақаттарын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875910-almatyda-zoldan-tpek-bolgan-er-adam-zk-kligi-kagyp-ketti/

pixel