Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Видеоға түсірген": Жамбылдық келіншек 5 жастағы ұлын алты бала зорлағанын айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Тұрар Рысқұлов ауданындағы Көгершін ауылының тұрғыны өзінің кішкентай перзентін жергілікті жеткіншектер жабылып зорлаған деп шағымданды. Анасының сөзінше, онымен қоймай, сол сорақылықты жәбір көрсеткендер таспаға түсіріп қорқытқан көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Бес жасар ұлымды алты бала ауладағы ескі қораға кіргізіп, жабылып зорлады", - дейді әйел.

Басылым мәліметінше, "жәбір көрсетті" дегендердің ересегі 12 жаста, кішісі бесте екен.

Бұл туралы ұлдың анасы келесі күні ауладағы басқа балалардан естіпті. Тек содан кейін ғана ол баласынан барлығын сұрап алдым, деп отыр.  

"Балам "маған осылай кіргізді, ешкімге айтпашы" деді. "Бұтымды шешіп, артқы жағымнан балалар осылай істеді" дейді. "Неге ол жаққа қарай кірдің?" десем, "пышақпен қорқытты, сөйтті де, видеоға түсірді, осыдан айтсаң, сені пышақтап өлтіреміз" депті айтыпты балалар", - дейді жәбірленушінің анасы.

Жеті баланың анасы ұлын суық қарумен қорқытты дегенге сенетінін жасырған жоқ. Себебі, өзі талай рет видеодағы жеткіншектің ауладағы балаларға пышақ көрсеткенін байқапты. Қазіргі кезде бұл да күдіктілер тізімінде. Әзірге олардың ешбірі кінәсін мойындамаған.

Сонымен қатар, әйел мектеп басшылығы да істі жылы жабуға жанталасып жүргенін айтты.

Шағымданушы тараптың сөзінше, ауызбастырық ұсынған мектеп директорының орынбасары екен. Директордың өзі де бұл мәселені ушықтырмай, мәмілеге келуге шақырған. 

"Өзің біл" деп айтты маған. "Бәрібір сенікі дұрыс болмай шығады, сен ештеңе істей алмайсың" дейді. "Дәлелдеген күнде де, балаларға бәрібір іс қозғай алмайсың" деді", - дейді әйел.

Ал оқу орнының басшысы бұлай айтпағанын тілге тиек етті. Оның пікірінше, бұл жағдай екі көршінің араздығынан туындаған.

"Екеуі жанжалдасып, біреуі екіншісіне жала жапты" - деп отыр. Өйткені,, жәбір көрді деген ұлдың бойынан зорлық белгілері байқалмапты.    

"Аудандық медбикелер барлығы келді ғой. Мектеп әкімшілігі жанында тұрдық. Біздікілер ашып көрді, ондай жәбірлену әрекеттері болмаған. Балалар жай ғана ойнаған. Екі ата-ана бір-бірімен ұрсысып қалған. Бір-біріне жасаған істері осындай дауға айналып жатыр", - дейді Ақтоған орта мектебінің директоры Орындық Рысқұлова.

Қазіргі уақытта полицияға алты балаға қатысты арыз жазылыпты. Ал азғындық жасалды делінген ұлын анасы облыс орталығына ұлын сараптамадан өткізуге алып келген.

"Осы қыркүйек айында Тұрар Рысқұлов ауданында көршісінің баласы тарапынан кәмелетке толмаған ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық–зомбылық әрекеті қолданылғаны туралы полицияға жүгінген. Аталған дерекке қатысты қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Көп балалы ана: "Ұлымды зорлап, таспаға түсіріп қорлағандарға кешірім жоқ" - дейді.

Сондықтан кінәлілердің бала деп бетіне қарамай, қатаң жазаға тартқызатынын жеткізді. Алайда бұл істің ақ-қарасы сараптамадан кейін белгілі болады.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында екі мұғалім оқушыларды бірнеше рет зорлады деген күдікке ілінген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1875940-videoga-tsirgen-zambyldyk-kelinsek-5-zastagy-lyn-alty-bala-zorlaganyn-ajtty/

pixel