Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Интернет мәселесі шешілмеуде": Ақтөбеде бір топ оқушы қыр басында сабақ оқуға мәжбүр

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Ақтөбе қаласының іргесінде тұратын ауыл балалары интернеттің болмауы салдарынан қырдың басында, желдің өтінде отырып, сабақ оқып жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белогор ауылындағы карьерде 40 түтін бар. 

Облыс орталығынан 15 шақырым жердегі ауыл тұрғындарынан онлайн оқу басталғалы береке кеткен. Студенттер мен оқушыларды қосқанда ауылдағы 40-қа жуық жөсөспірім күнде үш шақырым жердегі қыр басына келеді. Себебі ауылда интернет ұстамайды.

"Балаларымыздың жағдайын айтып, көмек сұрағанымызға қанша уақыт болды? Нәтиже жоқ! Алғашында 15 қыркүйекке дейін күтіңіздер деді, кейін 25-не дейін созды. Әлі жоқ. Өткен жылы біз сабырлық сақтадық. Жағдайды түсіндік. Жаңа оқу жылында интернет мәселесінің шешілмеуі балаларымызға қиындық әкеліп тұр",- дейді ауыл тұрғыны  Ләззат Аямова.

Ауыл тұрғындарының бірі қырдағы балалардың қасына көлігін апарып қойған. Онда тоңғандары кіріп жылына алады.

"Қара суықта далада отырамыз. Менің сабағым сағат 8:00-де басталады. Таңертең келгеннен сағат 10-ға дейін сабақтарды жүктеп, үйге барып орындаймын. Жазғанымды жіберу үшін қайта келемін. Күнде осылай жүреміз. Мынадай жылынатын машина күнде тұрмайды. Салқында қиын, қолымыз тоңады",- дейді 7 сынып оқушысы Дамир.

Білім бөлімінің айтуынша, қаланың өзінде интернетке қол жетпей отырғандар саны аз емес.

"Қалалық бөлім бөліміне 12 мыңнан аса интернетке сұраныс түсті. Оның 8752-ін қамтамасыз еттік. Аталмыш ауылға Глобус-телекомға тапсырыс берілді. Қазақтелеком ауыл айналасы ойық болған соң бұл жерді алмай тұр. Глобус-телекомды күтуге мәжбүр болып тұрмыз. Олар қазір жабдықтар күтіп отыр. Келесі апта жұмыс басталады",-дейді қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Ардақ Садықова.

Фото
Фото: NUR.KZ

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы облысы Іле ауданына қарасты Көкқайнар ауылының бір топ тұрғыны елді мекендегі интернет пен ұялы байланыс желісінің нашарлығы және жол сапасының тым төмендегін айтып, шағымданған болатын.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде Алматы облысы Қарасай ауданының мектеп оқушылары интернетке қосылуды сұрап, ел президентіне видеоүндеу жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875948-internet-mselesi-sesilmeude-aktbede-bir-top-okusy-kyr-basynda-sabak-okuga-mzbr/