Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дағыстан билігі аса қауіпті қылмыскерлерді іздеуге көмектескендерге млн рубль бермек

Опубликовано:

165462
Көрнекі фото: РИА Новости / NewsTeam

Дағыстан билігі Шамхал ауылындағы колониядан қашқан жаза өтеушілерді іздеуге көмектескен адамдарға ақшалай сыйақы береді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы аймақ басшысы Владимир Васильевтің ресми сайтындағы хабарламадан мәлім болды.

"Қашқындар туралы ақпарат бергендерге, сондай-ақ аса қауіпті қылмыскерлерді іздеу жұмыстарына көмек көрсеткен адамдарға 1 млн рубль көлемінде сыйақы тағайындалады", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дағыстанда 6 жаза өтеушінің жер асты жолын қазып, түзету мекемесінен қашып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Ресейдің федералдық қылмыстық-атқару қызметінің өңірлік басқармасы алты жаза өтеушінің жер асты жолын қазып, Дағыстанның №2 колониясынан қашып кеткенін мәлім етті. Үңгір сейсенбі күні тексеріс кезінде анықталған.

Қашқындарды іздестіруге Дағыстан бойынша федералдық қылмыстық-атқару қызметі басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Уақытша іздеу бекеттері құрылып, бағдарлар берілді.

"360" телеарнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, колониядан қашқан жаза өтеушілердің 8-ден 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылғанын мәлім етті. Олардың екеуі "кісі өлтіру" бабы бойынша сотталған.

Айта кетсек, бұған дейін Павлодарда WhatsApp мессенджері арқылы қатаң режимдегі колониядан жаза өтеушілердің қашып кеткені туралы хабарлама тараған. Онда аса қауіпті үш қылмыскердің түзету мекемесінен қашып, қазіргі уақытта Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде жасырынып жүргені айтылған еді. Өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875992-dagystan-biligi-asa-kauipti-kylmyskerlerdi-izdeuge-kmekteskenderge-mln-rubl-bermek/

pixel