Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды

Опубликовано:

ер адам4
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысының Индер ауданынан мал бағуға шығып, адасып кеткен ер адам көрші облыстан табылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

20 қыркүйек күні кешкі сағат 22:00 шамасында полицейлерге Өрлік ауылындағы шаруа қожалықта жұмыс істейтін 51 жастағы ер адамның мал бағуға шығып, сол күйі оралмағаны туралы хабар түскен.

Полицейлер ер адамды іздеу жұмыстарына бірден кіріскенімен, одан еш нәтиже шықпаған. Дегенмен, тәртіп сақшылар оны іздеуді тоқтатпаған.

"Нәтижесінде​ Амангелді Есов келесі күні, яғни 22 қыркүйекте​ таңғы сағат 03:30 шамасында Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Мәстексай ауылына қарасты "Сабила Құдық" учаскесінің шабындық жерінен табылды", -деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қожалық жұмысшысының айтуынша, малшы ауылға оралар жолда адасып кеткен. Екі күн бойы тамақ ішпей, әбден әлсіреген ол жауын астында қалған. Полиция қызметкерлері оған дереу алғашқы көмек көрсетіп, киімдерін ауыстырып, аман-есен үйіне жеткізген.

Еске сала кетсек, Түркістан облысының полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 57 жастағы әйелді тапқанын хабарладық.

Әйелді туыстары мен таныстарының үйінен іздеген полицейлер оны қалалық саябақтардың бірінен тапты.

Бұған дейін Алматыда тоғыз жасар бала жоғалып кетіп, оны 250 адам іздестірген болатын. Көп ұзамай бала аман-есен табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876043-atyrauda-mal-izdeuge-sygyp-zogalyp-ketken-er-adam-tabyldy/

pixel