Мәди Тәкиев Президент Әкімшілігінде қызметке тағайындалды
Опубликовано:

Мәди Тәкиев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жаңа қызметке орналасты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Төкешұлы Тәкиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - деп хабарлайды Ақорда.
Мәди Тәкиев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Д. Қонаев атындағы университетті, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Салық департаментінде жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің басқарма басшысы.
Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, бұған дейін әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімін басқарған Мұханов Мақсат Нұрдәулетұлы қызметінен босатылды.
Естеріңізге сала кетейік, үкіметінің қаулысымен Людмила Витальевна Бюрабекова денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлаған болатынбыз.
Айта кетейік, бүгін Қарағандының жаңа әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалған еді. Ал бұрынғы қала басшысы Нұрлан Әубәкіров басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876061-mdi-tkiev-prezident-kimsiliginde-kyzmetke-tagajyndaldy/