Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкім мен министрлердің өзі қызығады: ЖОО ректорының қымбат кабинеті желіде талқыға түсті

Опубликовано:

реккаб
Видеодан кадр: telegram.org/jexenews

Әлеуметтік желіде семейлік университеттің бұрынғы ректоры түгелдей бір корпусты өзінің кабинеті етіп алғаны туралы ақпарат тарады. Экс-жетекшінің жұмыс бөлмесінде қабылдау, демалыс бөлмесі, жеке жуынатын бөлме бар. Оның жалпы аумағы 250 шаршы метр болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұндай ақпарат Telegram желісіндегі JexeNews арнасында пайда болды.

Семейдегі Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы университеттің бұрынғы ректоры өзіне 250 шаршы метр болатын кабинет жасап алған.

"Мұнда жеке жуынатын бөлме, дәліз, демалу бөлмелері, қабылдау бөлмесі мен келіссөз жүргізу бөлмесі болған. Ректордың кабинетіне университет корпусының бір блогы толығымен берілген. Оған кез келген әкім, әкімі несі, тіпті министрлер қызығады", - делінген хабарламада.

Жергілікті халықтың айтуынша, кабинеттегі мүлікті шығаруға үш күн уақыт кеткен.

Ректор міндетін атқарушы Мұхтар Байжұмановтың Liter.kz газетіне айтуынша, оның алдында басшы расымен де 250 шаршы метр болатын кабинетте отырған. Байжұманов қазір университетте тексеріс жүріп жатқанын айтты.

"Бірінші жетекшіге 50 шаршы метр рұқсат етілген, мен оны өзіме бөлемін. Қалған аумақ студенттерге арналған аудитория болып жасақталады", - деді Мұхтар Байжұманов.

Arnapress.kz порталының жазуынша, профессор-оқытушылар жарты жыл ішінде басшының төрт рет ауысқанына шағымданған.

ЖОО өкілдерінің айтуынша, келесі кез-келген бастықты тағайындау кезінде оның алдындағы адам қызметінен босатылмаған. Яғни қазір университетке бірнеше адам жетекшілік етеді.

11 қыркүйекте университет ұжымына төртінші ректор - Мұхтар Байжұмановты таныстырған.

Мұғалімдер бұл барлық "шатасулар" қалыпты жұмысқа кедергі келтіреді және университеттегі микроклиматқа әсер етеді деп санайды .Қызметкерлер жаңа басшының кәсіби шеберлігіне күмәнданбайды, бірақ білім беру мекемесіндегі шиеленісті атмосфера олардың шамына тиген.

Мұхтар Байжұмановтың айтуынша, бұл оған мүлдем тосын жағдай болған. Университет қазіргі кезде коммерциялық емес акционерлік қоғамға өту процесін бастан өткеруде.

Баспасөз релизінде осы жылдың шілдесінен бастап университетті Тілемісов басқарған деп көрсетілген. Алайда қызметін дқрыс атқармағандықтан оны жқмыстан шеттеткен.

"Байжұманов қайта құру аяқталғанға дейін және бос ректор лауазымына конкурстың қорытындыларын шығарғанға дейін басшылық етеді", - делінген ЖОО сайтындағы хабарламада.

Сондай-ақ университеттің қаржылық-шаруашылық қызметіне сыртқы аудит жүргізіледі. Кейбір адамдар осы рәсімге және Байжұмановтың жұмысына кедергі келтіруге тырысып, озбырлық танытқаны айтылған.

Осы факт бойынша Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне кінәлілерді жауапқа тарту туралы өтініштер жіберілген. Жақын арада қайта құру бойынша барлық қажетті жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.

Айта кетсек, кеше дәл осы университетті үш бірдей ректор басқарып отырғанын жаздық.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның білім және ғылым министрлігі жергілікті 25 ЖОО лицензиясын қайтарып алғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876063-kim-men-ministrlerdi-zi-kyzygady-zoo-rektoryny-kymbat-kabineti-zelide-talkyga-tsti/

pixel