Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19 және пневмонямен күреске қанша ақша бөлінеді: Медсақтандыру қоры жауап берді

Опубликовано:

Ақша 65465
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Әлеуметтік медиицналық сақтандыру қорының басшысы орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында коронавирус және оның белгілері бар пневмониямен күреске қордан қанша қаражат бөлінетінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болат Төкежанов медсақтандырудың бар-жоғына қарамастан, коронавирус инфекциясымен ауырған қазақстандықтардың барлық қажетті медициналық көмекті тегін алатынын еске салды.

Оның айтуынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 159 млрд теңгеден астам сомаға коронавирус және пневмониямен күрес шараларын қаржыландыруды қарастыруда.

"Қазіргі уақытта қор тарапынан коронавирус және пневмониямен күрес шараларына 159 млрд теңгеден астам сома қарастырылып отыр. Атап айтқанда, коронавирусқа шалдыққан науқастырды емдеуге – 50,5 млрд теңге, пандемиямен күрес шараларына жұмылдырылған медициналық қызметкерлердің үстеме ақысына – 91,9 млрд теңге, стационарлық деңгейдегі ПТР зерттеулерге – 4,2 млрд теңге, "Үйдегі стационар" қызметін көрсетуге – 0,4 млрд теңге, амбулаторлық деңгейдегі ПТР зерттеулерге – 10 млрд теңге, мобильді топтардың жұмысына – 2,4 млрд теңге бөлінеді", – деп түсіндірді Төкежанов.

Ол сондай-ақ осы уақытта дәрігерлерге 73,7 млрд теңге үстеме ақы төленгенін мәлім етті.

Қор басшысы оңалту қызметтерін тек сақтандырылған адамдар ғана алатынын тілге тиек етті.

"Коронавирус және пневмониямен ауырып шыққан ӘМСҚ жүйесінде сақтандырылған пациенттер қор есебінен оңалту қызметтерін ала алады. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігінің "Медициналық оңалту қызметтері ережелерін бекіту туралы" жобасы әділет министрлігінде тіркеуде тұр", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін COVID-19 індетінің екінші толқыны болған жағдайда жұмыссыздарға төленетін сома көбеюі мүмкін екені хабарланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирустың екінші толқыны басталып, елде қатаң карантин жарияланса, 2 миллион 200 мың адамның қолдауға мұқтаж болу мүмкіндігін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876100-covid-19-zne-pnevmonamen-kreske-kansa-aksa-blinedi-medsaktandyru-kory-zauap-berdi/

pixel