Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада мас күйде үш адам қағып кеткен жүкті әйел түрмеге отыратын болды

Опубликовано:

көлік айдаған әйел
Көрнекі фото: www.silver.ru

Нұр-Сұлтанда осы жылдың маусым айында мас күйде үш адамды қағып кеткен әйелге сот үкім шығарды деп хабарлайды Kaz.nur.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

«2020 жылдың 16 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық №2 соты А.Ж.Ерғазинаға қатысты үкім шығарды. Ерғазинаның екі бала мен бір ересек адамды қағып кеткені анықталды. Оның екеуі ауыр, біреуі орта дәрежеде жарақат алған. Сот отырысында жәбірленушілер заң бойынша жаза беруді талап етті», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық №2 соты.

Айыпталушының адвокаты әйелді бас бостандығынан айырмауды сұраған. Себебі оның аяғы ауыр және баласы да бар екен.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігімен айыпталған адам айыппұл төлеуі, қоғамдық жұмысқа тартылуы немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы керек.

«Сот қылмыстың ауырлығын, балалардың зардап шеккенін ескере отырып, айыпталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сонымен бірге сотталушы 10 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды», - деп мәлімдеді аданды соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың 22 маусымында кешкі уақытта елордалық әйел адам тізгіндеген жеңіл көлік үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Олардың арасында 2018 жылы туған бір кішкентай бала мен 2001 және 2002 жылы туған екі жеткіншек болған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер түрлі дене жарақаттарын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876179-elordada-mas-kjde-s-adam-kagyp-ketken-zkti-jel-trmege-otyratyn-boldy/

pixel