Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола тұрғыны жедел жәрдемді тәулік бойы күткен ауылдасы көз жұмғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Фото: pixabay.com

Ақмола облысы Баймырза ауылының тұрғындары өңірде емхананың шалғайлығынан жедел жәрдемнің көмегіне жүгіну қиынға соғып жүргенін айтып, жанұшыруда. Сөздеріне сенсек, ауыл тұрғындарының бірі жедел жәрдем келіп жеткенше тіл тартпай кеткен. Бұл туралы Kaz.nur.kz порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, ең жақын емхананың өзі ауылдан 70 шақырым қашықтықта орналасқан екен.

Жергілікті тұрғын Шарбан Ахметова ауылдасының тәулік бойы жедел жәрдемді күтіп, ақыры қаза тапқанын есіне алды.

"Дәрігер жоқ, амбулатория жоқ, медициналық көмек көрсететін жан табылмайды. Жедел жәрдем шақырттық. Біздің ауылдан 70 шақырым қашықтықта. Жедел жәрдем тек келесі тәулікте, сыныптасым көз жұмғанда бір-ақ келді. Медбике бар, алайда ол тек өз көмегін ұсына алады. Дәрілер, аптекалар жоқ болғандықтан, әркім білгенінше жан бағуда", - дейді ол.

Телеарна тілшісі тікелей эфирде аудандық емхананың бас дәрігері Сайлаубек Айтмағамбетовпен тілдесті.

Ол Баймырза ауылында әлдебіреу жедел жәрдем келіп жеткенше қаза тапты деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Ондай жағдай болған емес. Қандай да бір адам қаза тапқаны есімде жоқ", - деді ол.

Бас дәрігер ауыл тұрғындарының шағымына қатысты түсініктеме берді.

"Аталмыш ауылды медициналық пункт бар. Ол алғашқы медициналық көмек көрсетуге барынша жабдықталған. Ал жедел жәрдем аудан орталығына жайғастырылған. Баймырза ауылының маңында дәрігерлік амбулатория бар. 18 шақырым қашықтықта. Егер жедел жәрдем шақырылса, олар амбулаторияға хабарласады. Амбулаториядағылар мұндай жағдайда бірден ауылға аттанады", - дейді бас дәрігер.

Айтмағамбетовтің айтуынша, ауылда азаматтарды фельдшер қабылдайды. Аудандық поликлиникадан ауыл тұрғындарына айына бір рет дәрігерлер бригадасы жол тартады. Ол карантин шараларынан әзірге жолға шыққандар болмағанын алға тартты. Десе де дәрігерлер жақын арада ауылға барып қайтуды жоспарлап отыр екен.

Бас дәрігер өңірде дәрігерлік амбулатория ашу мүмкін еместігін айтуда. Ол ауылда 390 адам ғана тұратынын алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстан коронавирусқа қарсы инъекциясыз вакцина әзірлеп жатқанын жазған едік.

Одан бөлек, ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876190-akmola-trgyny-zedel-zrdemdi-tulik-bojy-ktken-auyldasy-kz-zmganyn-mlimdedi/

pixel