Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік тұрғын Бадам өзенінен сирек кездесетін ерекше балық аулаған (фото)

Опубликовано:

Балық1
Фото: otyrar.kz

Еліміздегі үшінші мегаполистің 45 жастағы тұрғыны Бадам өзенінен мөңке балық аулаған. Алғашында балықтың ұсқынына мән бермеген ол балықтың ерекше тісін көргенде абдырап қалған көрінеді деп хабарлайды Kaz.nur.kz порталы жергілікті "Отырар" басылымына сілтеме жасап.

"Балықтың үлкендігі бес литрлік пластикалық бөтелкенің көлеміндей, ал салмағы 1300 грамм, пішіні біршама табан балыққа ұқсас. Желбезегін түсі қызыл екен. Аузын ашсам, тістері адамдыкінше тізбектелген, бес жасар баланың тісіндей. Сол мезетте сәл де болса, денем қалтырап сала берді", – деді Жеңіс Өзденбаев.
Балық1
Фото: otyrar.kz

Оның таныстарының айтуынша, бұл пиранха қосалқы тегінен шыққан тұщы судың сәулеленген балықтарының түріне жататын қоңыр паку болуы мүмкін деп болжам жасайды. Олар негізінен Амазонка және Ориноко өзендерінде жиі кездеседі екен. Ұзындығы бойынша бұл балықтар 108 см-ге дейін, ал салмағы 40 кг-ға дейін жетеді. Олардың тістері төртбұрышты болып келеді және адамның тістеріне өте ұқсас.

Бұл балықтардың жақтарының күші соншалық, олар жаңғақтарды оңай шаға алады. Бұл балықтар ағаштардан құлап, су бетінде қалқыған жемістер мен жаңғақтарды жеуге бейім, ал кейбір жағдайларда олар суда жүзіп жүрген ер адамның аталық бездеріне оларды жаңғақ депа ойлап, шабуыл жасайтын көрінеді.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде "Бурабайдағы көлдің түбінде өлі балықтар үйіліп жатқан" видео тараған болатын.

Оған қоса, Канадада балықшылар қанаты мен тұмсығы бар "құбыжық балықты" ұстап алды. Белгісіз балық түрі көпшіліктің зәресін ұшырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876194-symkenttik-trgyn-badam-zeninen-sirek-kezdesetin-erekse-balyk-aulagan-foto/

pixel